Билгийн

Доллар (USD)

Улаанбаатар

МҰқ мүшесі, Мұрат Дәкейұлы: ЕЛІ ҮШІН ҚАЙРАТ ЕТЕР ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

«Халық қалаулысы» деген мандатқа ие болып жүрген саясаткерлердің біржарымы ғана халықтың сөзін сөйлеп,  мұң-мұқтажына ортақтасып, кем-кетігін толтырып жүреді, ал қалғандары қашандағыдай, есектері судан өткенше «сайрағандар». Сол біржарымның ең басында – Халтмаагийн Баттуулга. Асыра мақтағандық емес, Еліміздің кез келген аймағында Баттулганың ізі сайрап жатыр. Ол қайда жүрсе де, қашан көрсең де – ауылға, туған жерге, өскен ортасы мен ұшқан ұясының кем-кетігін толықтырып жүреді. Халқына - сөзжәрдем, ісжәрдем беруге қашанда дайын, жаны жомарт жан.

«Сөзжәрдем». Нағыз ғалымдық ұстаным дегеніміз - осы болар. Ұрпақты түзетіп, сөзкөмек беру дегеніміз оның болашағына бағдар беру деген сөз. Басқаларша тілінен бал емізіп, майын тамызып өтірік айтып немесе «Қара ПИ-АР» мен елдің басын айналдырып,  бет перде киіп жүрген жандардың қатарынан емес. Отаны үшін от кешіп, елі мен жері үшін еселі еңбек етіп жүрген жарқын жандардың тағылымды тарихын болашақ ұрпаққа таспалап қалдырды. “Монгол тулгатны 100 эрхэм” теле бағдарламасы мен тағы басқа танымдық бағдарламалар, жазған кітаптары, күнделікті және мерізімдік басылымдарға жариялап тұратын мақалалары соның дәлелі. 

«Ісжәрдем». Мемлекеттік тұлға ретінде - Ұлы Шыңғыс Һағанның абыройын  асқақтатып, атқа мініп тұрған ескерткішін Цонжинболдогқа орнатып берді. Бұл қәзіргі таңда ішпен-сырттан келген қонақтарға ұялмай көрсететін жалғыз - тарихи мұра. Сондай-ақ Улаанбаатарға ағылған  көші-қонға тосқауыл бола білді. «Арқада қыс жайлы болса-арқар ауып несі бар?» - дейді. Халықтың жаппай Улаанбаатарға қарай қоныс аудару себебі - жергілікті жерде жұмыстың жоқтығы, ортаның қолайсыздығы  еді. Шеткергі аймақтардың иесіз қалуы мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қаншалықты зиян екенін аңғарған көреген азамат  -  жергілікте жерді дамыту, халқын отырықтандыру мақсатында  «Жаңа сұмын» жобасын Баянхонгор аймағының Баянлиг, Бууцагаан сұмындарында бар жоғы бес айдың ішінде іске асырды. Нәтижесінде  Улаанбаатар қаласының тынысын тарылтпауға, жергілікті жердің ортасын жақсартуға себеп болды. Баттулга - айта жүрсін деп істемейді, мақтасын деп жасамайды, қандай жақсылық істесе де – адами міндетім, перзенттік борышым деп жасайды. Бұл оның ішкі мәдениетінің жоғары екендігін, адами болмысының тазалығынан хабар бергендей. Х.Баттулгада «Моңғолия атын әлемнің боз кілемінде  жаңғырту жолындағы ұлы мақсаты бар. Жудо одағының президенті болғаннан бері спортшылардың оқу, жаттығуларына мән беріп, жудошыларымызды  халықаралық стандартқа сәйкес баптады. Жемісін беріп -  жарты ғасыр армандаған «Олимпиада алтын медалын» жудо спортының шебері,  Найдангийн Түвшинбаяр әперді. 

Найдангийн Түвшинбаярдың олимпиада чемпионы атануы халықтың берекесін жарастырып, мерейін асырғанын бүгін мақтанышпен айта аламыз. Ел Президенті  – Халықтың ынтымағының символы болуға тиіс. Х.Баттулға бұл сынға сай келетін жалғыз адам. Көшпенділерге лайық жомарттық, ер-азаматқа лайық мәрттік Халтмаагийн Баттулганың шынайы болмыс-бітімі. Оны толғандыратын дүние аз емес. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер – спорт саласын дамыту, денсаулық саласын түзеу, саясаттың салдарынан тоқтап қалған темір жолды қысқа уақытта аяқтау, жаңа сұмын жобасын жалғастыру, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, зейнетақы, жәрдемақыны қосу, студенттерге шәкіртақы беруді қайта қалпына келтіру, зейнеткерлікке шығу жасын азайту, балалар ақшасын алаламай бәріне бірдей бергізу, қосылып жатқан салықты азайтуға күш  салу және ауыл жастарының жұмыссыздығы, несие, банк мәселесі… Тізе берсең, толып жатыр. Оның ар жағында ұлттық және саяси мәселелер де жоқ емес. Баттулга сол шаруаның бәріне де үлкен біліктілікпен атсалысады. Заңды білетін, заңды сыйлай білетін азамат. «Мен ғана тұрмысым жақсы болмауы керек. Менің ғана жақсы болуымнан пайда жоқ. Менің көршім, менің елім, жұртым жақсы тұрмыс құруы керек. Бұл Баттулгының - өмірлік қағидасы. Моңғолияны әлемдік деңгейде ең алдыңғы қатардағы елге айналадыру оның - арманы. Ал қызметті пайдаланып «Бас пайдасын ойлап, ұпайын түгендеп жүргендер» оның хас жауы! Отанымыздың болашағы үшін болжамы ұзақ, кешенді саясаткер, қарапайым халықтың өз ортасынан туып шығып, бүгінгі дәрежеге жеткен, нағыз халықтық азамат - Халтмаагийн Баттулганы қолдайық ағайын!
0 Сэтгэгдэл
Хамгийн их уншсан